ещё
свернуть
Все статьи номера
№12, 2016
МАМАН КЕҢЕСІ

САБАҚТЫ ӨЗІНДІК ТАЛДАУ

Жұмысты жаңа бастаған мұғалімдер көбінесе сабақты өзіндік талдау сызбасын құрастыруды және жазуды қиынсынады, алайда сабақты талдау және өзіндік бағалау – педагогикалық шығармашылықтың қажетті элементі.

Л. В. Ханина, «№ 2 МББК» КММ педагог-психологы, Приозерск қ.

Сабақты өзіндік талдауды өткізудің үлгісі

9–11 сынып оқушыларына арналған тренинг элементтері бар «Біз өмірді таңдаймыз» практикалық сабағы.

Мақсаты: өмірге деген адекваттық қарым-қатынасты қалыптастыру, оқушылардың күйзеліске қарсы тұра білу қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • «суицид» ұғымын және оны болдырмаудың тәсілдерін ашып көрсету;
  • өзара әрекет, ұжымды біріктіру, бір-біріне толеранттық қатынаста болу дағдыларын дамыту;
  • өмір құндылығын ұғынуға тәрбиелеу.

Өзіндік талдау. Түрі бойынша – тренинг элементтері бар практикалық сабақ.

Оқытудың мына ұстанымдары қолданылды:

  • көрнекілік;
  • ғылымилық;
  • қолжетімділік;
  • проблемалық жағдай туғызу;
  • практика.

Қойылған міндеттерді шешу үшін эмоционалдық жағдай жасалады, Дж. Ласттың «Жалғыз бақташы» композициясымен музыкалық сүйемелдеу, Поль Морианың басшылығындағы оркестрдің оркестрлік суреттемесі, «Машина времени» тобының «Өзгермелі әлем» әні пайдаланылады.

«Жүрекше» жаттығуы оқушыларға өмірдің нәзіктігін, оны оралту мүмкін еместігін сезінуге мүмкіндік береді.

«Қақпан» жаттығуы кездейсоқ күрделі жағдайда қалған адам сезімін түсінуге жетелейді. Суицидтің себебіне сөйлем ойлап табу оқушыларды аталған себептердің өмір сүрумен салыстырғанда түкке тұрмайтынын түсінуге алып келеді.

Суицидке қатысты мифтер мен деректерді талқылау кезінде, балалар суициденттің мінез-құлқының шынайы бағасымен танысты, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға көмек беру ережелерін таңдау жөніндегі жаттығулар балаларды жақындарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретті.

«Соқыр және соқырды жетектеуші» жаттығуы жақын адамдардың қолдауының маңызды екенін сезіне білуге көмектесті.

Power Point бағдарламасында ұсынылған таныстырылым сабақты дұрыс қабылдауға ықпал етті. Материал осы жас санатындағы балалар үшін қолжетімді әрі қызықты (балалардың бағалары рефлексивті жазбаларда).

Алдағы жұмысты неғұрлым терең ұғыну үшін бастапқы кезеңде көрнекілік, сөздік және практикалық әдістер қолданылды.

Әрі қарай оқушылардың «қақпаннан» шығудың дұрыс шешімін таңдауына ықпал ететін өмірлік қиындықтарды бейнелейтін проблемалық жағдайдың әдісі пайдаланылды.

Талқылау әдісі талас кезінде шындықты табуға көмектесті: өмір – бағасы жоқ сый.

Релаксация жұмыс процесінде туындаған шиеленістен арылуға, рефлексия – алынған, ақпаратты реттеуге, сабаққа баға беруге жәрдемдесті.

Қорытынды кезеңде «Өзгермелі әлем» әнін тыңдау жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастырды.

Сабақ кезінде топтық жұмыс, жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс пайдаланылды.

Оқушылар қиын жағдайдан шығу мүмкіндігін («Қақпан» жаттығуы), көмек көрсетудің ойдан шығарылған әдісін (ұсынымдарға дағдылану) таңдады, өздігінен реттелуге («Соқыр және соқырды жетектеуші») төселді.

Уақытты бөлу – адекватты, сабақ ырғағы – мазмұнды.

Балалар сабаққа белсенді түрде араласты, тапсырмаларды терең ұғынды және эмоционалдық тұрғыда қабылдай алды. Сындарлы жұмыс істеді, диалог жүргізді, талқылады, қорытындылар жасады және жағдайды сараптады.

Сабақты өзіндік талдаудың сызбасы (1-нұсқа)

Сынып _______________________________

Сабақ тақырыбы __________________________

Сабақтың түрі мен құрылымы _______________

  • Аталған сабақтың тақырыптық мәні. Оның алдыңғы сабақпен байланысы, кейінгі сабаққа ықпалы.
  • Сыныптың қысқаша психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (нашар үлгеретіндер мен үздік оқитындардың саны).
  • Сабақты жоспарлаудағы оқушылардың ерекшеліктерінің есебі.
  • Үш бірлікті дидактикалық мақсат (оның оқыту, дамыту, тәрбиелеу объектісі).
  • Сабақтың мақсатына сәйкес оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін таңдау.
  • Басты кезеңді бөлу, оқыту нәтижелері негізінде толық талдау.
  • Жаңа материалды түсіндіру үшін оқыту әдістерін үйлестіру.
  • Сабақтың барлық кезеңіне бөлінген уақытты тиімді түрде бөлу.
  • Кезеңдер арасындағы логикалық «байланыстар».
  • Дидактикалық материалдарды, ОТҚ, мақсатқа сәйкес көрнекі құралдарды іріктеу.
  • Оқушылардың білімді, дағдылар мен машықтарды игеруін бақылауды ұйымдастыру (нысандар мен әдістер).
  • Оқушылардың білімін реттеу мен түзеу.
  • Сабақтағы психологиялық ахуал және мұғалім мен балалардың қарым-қатынасы.
  • Сабақ нәтижелерін бағалау.

Сабақты өзіндік талдау сызбасы (2-нұсқа)

Бүгінгі сабақ … (№) сабақтар жүйесінде …. тақырыбы (тарауы) бойынша.

Оның мақсаты – …, сабақтың оқыту міндеті … , тәрбиелік міндеті – …, сабақ сондай-ақ балалардың …. дамытуға ықпал етеді.

Түрі бойынша … сабақ, ол өзіне мынадай кезеңдерді …. қамтиды.

Негізгі кезең …, міндеттері … кезең – …

Сабақты өткізу кезінде оқытудың мына ұстанымдары бағдарда болды: ….

Сабақтың мақсатына жету үшін, … (мазмұны: мысалдар, сұрақтар, тапсырма) таңдалды.

Сабақтың материалы … (күрделі, жеңіл, оқушыларға қызықты) болды.

Сабақтың … кезеңінде оқытудың … әдістері (қандай?) қолданылды, өйткені ….

… кезеңде – … (қандай?) әдістері.

Сабақ барысында … кезеңде … (жеке, жаппай, топтық, ұжымдық) жұмыс ұйымдастырылды, ал … кезеңде оқушылардың … жұмысы ұйымдастырылды, өйткені ….

Тапсырма оқушылардың … дамытуға бағдарланды.

… тапсырманы орындау кезіндегі мұғалімнің жетекшілігі … (операциялық, нұсқаулық) болды, өйткені ….

Балаларда … таңдау мүмкіндігі болды.

Уақытты бөлу … болды.

Сабақ ырғағы ….

Сабақты жүргізу … (жеңіл …) болды, оқушылар … жұмысқа …. кірісті.

Тақтадағы жазбалар ….

Көрнекі материал (оқытудың басқа құралдары) ….

Сабақтың мақсаты: … деп санауға болады, сабақ жоспары: …, материал …

Үй тапсырмасы… оқушыларға қиындық тудырады (тудырмайды), өйткені ….

Сабақ … деп санауға болады.